русский язык
Футбол

Сергей Дубков: «Бапкер Косолаповтың шеберлігі айқын көрініп тұр»

Сергей Дубков: «Бапкер Косолаповтың шеберлігі айқын көрініп тұр»
«Шахтер» - U21 командасының бас бапкері Сергей Дубков Екінші Лига асында өткен «Ақтөбе» - U21 (2:3) клубына қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті.
 
-Біріншіден, Ақтөбе әрдайым мықты командалардан саналады, бүгін де қарсылас жақсы ойнады. Сіздердің ойыншыларыңыз өте жақсы ойнайды, ойын өрнегі бар. Ойынға келер болсақ, біз бүгін жеңіске лайықты болдық. Дегенмен, мен «Ақтөбеге» әрдайым сыйластықпен қарап келдім, құрметтей беремін де. Олар бүгін оны әдемі ойындарымен көрсете білді. Бұл жерде бас бапкер Алексей Косолаповтың бапкерлік шеберлігі айқын көрініп тұр. Сіздердің командаларыңыз бүгін жоғалтқан ұпайларын әлі де қайтарып алады. Чемпионат әлі алда. 
 
- Қай ойыншыны бөліп-жарып айта аласыз? 
- Бүгін шыққан ойыншылар дерлік жақсы ойнады. Маған Тотай ұнады. Айымбетов пен Қайыров та ойында жақсы көрінді. Дегенмен, шабуылда Тотай белсенді ойнап, біздің қорғанысымызға тыным бермеді. Оны ауыстырып тастаған соң, бізге сәл жеңіл болды. 
 
Шахтер U21 алдағы маусымға қандай тапсырма қойып отыр?
- Негізі мақсатымыз, «Шахтерға» ойыншы дайындау. Бірақ нәтижені де ұмытпаймыз. 
 
«Ақтөбе» ФК медиа-аймағы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;