русский язык
Футбол

Роман Мұртазаев: «Тізімнің ресми түрде шыққанын асыға күтудемін»

Роман Мұртазаев: «Тізімнің ресми түрде шыққанын асыға күтудемін»
Керекулік «Ертіс» клубының шабуылшысы Роман Мұртазаев Prosportkz.kz тілшісіне Қазақстан Ұлттық құрамасының сапына шақыртылуы жайында айтып берді.
 
- Роман, Ұлттық құраманың сапына шақыртылуыңмен құттықтай берсек бола ма?
 
- Әлі ерте деп ойлаймын. 100 пайызға сенімді болуға болмайды. Шешім әп сәтте-ақ өзгеріп шыға  келуі мүмкін. Сол себепті қуануға әлі ерте. Тізімнің ресми түрде шыққаны күтіп жүрмін.
 
- Ертең ҚКФЛ Қытай құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге байланысты ҚПЛ-дың екі турының ойындарын шегеруі туралы жиналыс өтеді. Бұл жайында не айтасың?
 
- Меніңше, Ұлттық құрама басты назарда болу қажет! Лига келісімін беріп, 7-ші маусым күні жолдастық матч өтетініне сенемін.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;