русский язык
Бокс

Қанат Ислам отанына оралды

Қанат Ислам отанына оралды
Бүгін Алматы Халықаралық әуежайында таяуда АҚШ-та өзінің 21-ші кездесуін жеңіспен аяқтаған 31 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстандық былғары қолғап шеберін қарсу алу үшін 200-ге жуық адам жиналды.
 
Бұл туралы Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметә мәлімдеді. Олардың арасында Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов және басқа да белгілі тұлғалар болды.
 
Қанат Ислам vip залдан көрінісімен тағатсыздана күтіп тұрған дүйім жұрт оны: «Қанат, Қанат!», «Қанат жасасын!», «Қанат - қазақтың батыры!» деген секілді ұрандар айтып қарсы алды. Көк байрақты көтерген республикалық спорт колледжінің бір топ студенттері де «Қанат, Қанат!» деп ұрандаумен болды. Ең алдымен өзіне қашанда қолдау көрсетіп жүрген ағаларымен құшақтасып көріскен Қанат, ұлттық киім киген қазақ аруларының қошеметімен сыртқа беттеді.
 
Өз сөзінде Қанат қатты толқып, бұл тосын сыйға қатты риза болғандығын жеткізді.
 
«Ассалаумағалейкүм халқым! Мұндай тосын сый болады деп ойламаған едім. Көп рахмет сіздерге! Мұның барлығы, елдігіміздің, егемендігіміздің арқасы деп білемін. Тыныштық болмаса біздің бокс, біздің өлең кімге керек. Сондықтан мен өте қуаныштымын. Рахмет сіздерге!" - деді Қ. Ислам.
 
Ол сонымен қатар, өзіне қамқоршы болып жүрген тұлғаларға зор ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуантуға күш салатындығын жеткізді.
 
«Қазақтың көк Туын көкке желбірету, қазақты бүкіл әлемге таныту менің бала күнгі арманым. Менің тілерім, қазақ елінде тек тыныштық болса екен. Жетістіктерге жетіп жатқанымыздың барлығы осы тыныштықтың арқасы. Мен алдағы уақытта да сіздерді жаңа жеңістеріммен қуантамын деп ойлаймын», - деді Қанат Ислам.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;