русский язык
Бокс

Күтуге тура келеді. Гена мен Альварестің кездесуі шегерілмек

Күтуге тура келеді. Гена мен Альварестің кездесуі шегерілмек
Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен WBC белбеуінің иегері мексикандық Сауль «Канело» Альварес (47-1-1, 33 КО) арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілуі мүмкін.
 
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тағайындаған кездесудің алдында қос боксшы екі-үш аралық жекпе-жек өткізеді деп жоспарлануда. Басты себеп, GGG және «Канело» арасындағы жекпе-жекке елдің назарын барынша көп аудартып, қызығушылық тудыру. Сол арқылы мол қаражатқа ие болу.
 
Егер аралық кездесу өтетін болса, Сауль Альварес канадалық Давид Лемье немесе американдық Кертис Стивенспен шаршы алаңға шықпақ. Ал отандасымыз АҚШ боксшысы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. 
 
 
 
 
 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;