русский язык
Футбол

Исламхан «Биылғы маусымның ең әдемі голы» атағына үміткер

Исламхан «Биылғы маусымның ең әдемі голы» атағына үміткер
«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламханның «Абердин» қақпасына соққан добы биылғы маусымдағы «Еуропаның ең үздік голы» атағына үміткер. 
 
«Біз биылғы маусымдағы ең үздік бес голдың авторларын назарларыңызға ұсынамыз. Ең әдемі голды сіздер анықтайсыз. 2015-2016 маусымында 1225 гол соғылды, оның арасынан ең үздік бесеуін таңдау бізге қиын болмады. Ал енді ең әдемі голдың авторына дауыс береміз», - деп жазады британиялық BT Sport телеарнасы. 
 
Сауалнаманың қорытындысы ертең белгілі болады. 
 
Биылғы маусымның ең әдемі голын сізде таңдай аласыз.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;