Ненад Эрич: «Футболда бәрі мүмкін, енді келесі ойынға дайындаламыз»
«Астананың» қақпашысы Ненад Эрич ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында «Атыраудан» не себепті ұтылғанын айтты.
- Ауыр матч өткіздік, «Атыраудың» мықты команда екенін білдік. Көп шабуылдадық, бірақ гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Бұған қоса, жаңбыр астында, мұндай алаңда ойнау қиын болды. Ойыншылар тырысты, соңына дейін ойнады.
- Жеңілістің себебі жаңбыр мен алаңның нашар болуында ма?
- Жаңбыр мен алаңның кесірінен ұтылдық деп айта алмаймын. Өз мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық, олар керісінше гол соға алды. Бұл – футбол, мұнда бәрі мүмкін. Енді келесі ойынға дайындаламыз.
- «Ертістен» өзге чемпиондыққа тағы қай команда таласа алады. Қалай ойлайсыз?
- Оңай қарсылас жоқ. Алда әлі көп кездесулер бар. «Қайраттан» алыстағанымызға қарамастан, олар да әлі жоғары көтеріледі. Алматылық команда жүлделі орынға таласатыны анық.
- Станимир Стойлов матч алдында қандай нұсқау берді?
- Барлық матчтарға тыңғылықты дайындаламыз. Бас бапкер қарсылас команданың мықты мен әлсіз тұстарын атап өтті.
- Жақын арада Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі басталады...
- Әзірге Чемпиондар лигасы жайлы ойлап жүрген жоқпыз. Бар ойымыз чемпионатта.