русский язык
Футбол

Жерар Гоу жақын арада Кот-д'Ивуар құрамасына шақыртылуы мүмкін

Жерар Гоу жақын арада Кот-д'Ивуар құрамасына шақыртылуы мүмкін

Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-ші турындағы «Қайрат» – «Ертіс» кездесуін африкалық танымал тілші Рикардо Зама  тамашалады. 

Prosportkz.kz сайты ивуарлық «RTI» арнасының журналисімен сұхбаттасты.  

- Рикардо, «Қайрат» - «Ертіс» матчына қатысқан африкалық футболшылардың ойынына қандай баға қоясыз?

- Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүрген африкалық футболшылардың ойынын бірінші рет көрдім. Сондықтан, мен үшін олардың өнеріне баға беру өте қиын.

- Сіз Кот-д'Ивуар елінен ұшып келдіңіз. Отандасыңыз Жерар Гоудың ойыны жайлы не айта аласыз?

- Жерар өз елінде белгілі футболшы, Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншы. Мен оның ойынын бақылау үшін Алматыға ұшып келдім. Көптеген ивуарлық жанкүйерлер Гоудың «Қайраттағы» өнері мен жетістігін білгісі келеді.  

- Гоудың Кот-д'Ивуар құрамасына шақыртылуы мүмкін бе?

- Иә, әрине. Дрогба кеткеннен бері шабуылымыз әлсіреп қалды. Жерар Дидьенің орнын басуы әбден мүмкін. Жақын арада Гоу ұлттық құрамаға шақырту алады деген ойдамын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;