русский язык
Бокс

Маурисио Сүлейман: «Канело» Головкинмен жұдырықтасқысы келеді»

Маурисио Сүлейман: «Канело» Головкинмен жұдырықтасқысы келеді»

WBC президенті Маурисио Сүлейман мексикалық Сауль Альварестің орта салмақ дәрежесінде WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтты.

«Келіссөздер жақсы өтуде. «Канело» маған Ханмен жекпе-жек алдында және кездесуден кейін Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Альварес әдемі жеңіске жетті, енді ол Геннадиймен кездесуге ниетті. Бүкіл әлем бұл жекпе-жекті аңсап жүр. Қос боксшы қазір нағыз бабында, бұл «жыл айқасы» болатыны сөзсіз», — деді Сүлейман Boxing Scene сайтына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;