русский язык
Бокс

Крис Джонс: «Кроссд 2017 жылы Шүменовті жекпе-жекке шақырады»

Крис Джонс: «Кроссд 2017 жылы Шүменовті жекпе-жекке шақырады»

Канадалық журналист Крис Джонс қазақстандық Бейбіт Шүменовтің қарсыласы болуы мүмкін боксшы туралы ойымен бөлісті.

«Қызық, Шүменовпен жекпе-жек туралы ойлану үшін Кроссдке қанша кездесуді ұту керек екен? Меніңше, бесеу. Шамамен, 2017 жылдың ортасында ол Шүменовке шақыру тастап, екеуі жекпе-жек өткізу туралы келіседі», - деп жазды журналист өз твиттерінде.

Айта кетейік, Сэм Кросддтың аты кәсіпқой бокста әлі таныла қойған жоқ, себебі ол бүгінге дейін екі жекпе-жек қана өткізген (екеуіде де жеңді). 29 жастағы америкалық әуесқой бокста көзге түсті. Андриен Бинге қарсы жекпе-жекте ол қарсыласын төртінші секундта нокаутқа жіберген болатын.

Ал Бейбіт Шүменов жарақатына байланысты ұзақ уақыт бойы кәсіпқой рингтен ұзап кеткен еді. Оның келесі жекпе-жегі 21 мамырда өтеді. Қарсыласы әзірше белгісіз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;