русский язык
Футбол

«Атырау» «Астананы» тоқтатты

 «Атырау» «Астананы» тоқтатты

Батысқазақстандық «Атырау» командасы өз алаңында жарыс көшін бастап келе жатқан «Астананы» шаң қаптырды.

Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - Алтынбек Сапаров. 21-ші минутта Ұлан Қонысбаевтан пас алған Сапаров «Астананың» қақпасынан саңылау тапты. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері ел біріншілігіндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. 

«Атырау» - «Астана» - 1:0 (1:0)

Гол: Сапаров 21

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;