Кетевоама бір матчта 4 гол соқты
![Кетевоама бір матчта 4 гол соқты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463307000_904510770.jpg?v=28729229)
Елордалық «Астана» командасының бұрынғы ойыншысы Фокси Кетевоама түркиялық «Газиантеп ББК» сапында покер авторы атанды.
Түркия Бірінші Лигасының 34-туры аясында Фоксидің командасы сырт алаңда «Денизлиспор» клубымен күш сынасқан. Аталмыш кездесу 5:2 есебімен «Газиантеп ББК» командасының пайдасына шешілді. Ал Фокси Кетевоама болса 10-шы, 11-ші, 36-шы және 90-шы минуттарда гол соғып, покер авторы атанды.