русский язык
Футбол

Златан Ибрагимович: «Мансабымды қайда жалғастыратынымды қазір білемін»

Златан Ибрагимович: «Мансабымды қайда жалғастыратынымды қазір білемін»

«ПСЖ» шабуылшысы Златан Ибрагимович маусым біткен соң франциялық клубтан кететінін мәлім етті, бірақ мансабын қайда жалғастыратынын құпияда қалдырды.

«Енді қай клубта өнер көрсететінімді қазір білемін, бірақ бүгін бұл туралы айтпаймын.

«ПСЖ» - тамаша команда, мен ойнаған клубтардың ішіндегі ең үздігі. Мен бұл клубты сағынатын боламын. Біз бірінші күннен-ақ бұл жобадан нені қалайтынымызды білдік және нәтижеге көңіліміз толады.

Олар сәтті жұмысын жалғастыра береді деп үміттенемін, себебі бұл үлкен жоба. «ПСЖ» үшін көңілім орнында. Негізі, мен жыламаймын, бірақ өз балаларымның жанарынан жасты көргенде, мен де жылап жібердім. Француз халқына рахмет. Мен оған өзімнің үздік ойынымды сыйлауға міндетті болдым», - деді Ибрагимович.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;