русский язык
Футбол

«Таразда» өзгеріс: Мырзабаев кетіп, Максимов келді

«Таразда» өзгеріс: Мырзабаев кетіп, Максимов келді

«Тараз» футбол клубында бас бапкер ауысты.

Тараздық клубты маусым басынан бері жаттықтырып келе жатқан Нұрмат Мырзабаев өз орнынан босады. Оның басшылығымен «Тараз» бірінші айналымнан соң соңғы орында келеді. 11 ойында «Тараз» 1 рет қана жеңіске жетіп, екеуінде тең түсті. Қалған матчтарда жеңіліп қалды. Айта кетейік, тараздық клуб соңғы он кездесу бойы жеңе алмай келеді.

Мырзабаевтың орнына украиналық 47 жастағы Юрий Максимов келді.  Ол киевтік ЦСКА, «Оболони», «Кривбассе», донецкілік «Металлург» және «Мордовия» клубтарында бапкерлік еткен.

2013/14 жылғы маусымда «Мордовиямен» бірге ресейлік ФНЛ-ді жеңіп алды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;