«Қайрат U-14» Франциядағы жарысты жеңіспен бастады
![«Қайрат U-14» Франциядағы жарысты жеңіспен бастады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463292984_401654292.png?v=28729468)
«Қайрат U-14» Volkswagen Junior Master турнирінде алғашқы матчын өткізді.
«Қайрат» ФК ресми сайтының мәлімдеуінше, алматылықтар бірінші матчында бразилиялықтармен күш сынасқан, «Қайрат» өз құрдастарын ірі есеппен жеңді – 3:0. Кенжебек дубльдің авторы атанса, тағы бір голды Мұхит соқты.
Екінші ойын сол күні сәл кешірек өтті. «Қайраттың» кезекті қарсыласы Аустрияның атынан шыққан «Штурм» тәрбиеленушілері болған. Бұл жолы қазақстандықтар жеңіліп қалды – 0:2.
Қазіргі уақытта Кирилл Кекер шәкірттері үш ұпаймен үшінші орында тұр, алдыңғы сатыларда Аустрия мен Ирлания командалары. Кувейт пен Ирландияға қарсы матчтар бүгін өтеді.