Кіші Флойд Мейуэзер: «Канелоға Головкиннің алдында иілмеу керек»
![Кіші Флойд Мейуэзер: «Канелоға Головкиннің алдында иілмеу керек»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463291319_582422818.jpg?v=28693822)
Белгілі кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейуэзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
«Егер мен Канелоның промоутері болсам, Triple G-мен күреспес едім де. Канелоға Triple G-дің алдында иілмеу керек. Головкинге Канело керек, бірақ ол 160 фунтта қалғысы келеді.
Канело – нағыз чемпион. Ол сол жаққа барып, не істеуі керек – соны істейді. Бірақ Канело бокста көп шу шығарады», - деді Флойд.