русский язык
Футбол

Юрий Өткелбаев: «Қазақстанда оңай қарсылас жоқ»

Юрий Өткелбаев: «Қазақстанда оңай қарсылас жоқ»
Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында «Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев ойынның қиын болғанын, қос команданың соңына дейін күрескенін жеткізді. Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз-мәслихаты мәлім етті. 
 
-Қиын ойын болды. Ойын басында жолымыз болып, гол соғып алған соң, есепке қарайлай ойнадық, алаң ортасында кеншілерді қарымта шабуылда ұстап алдық. Сіздердің шәкірттеріңіз өз мүмкіндігін пайдалана алды. Қалай болғанда да гол жібермеу керек еді, команда ол тапсырманы орындады. Алаң иелері гол соғу үшін біраз мүмкіндік ұйымдастыра білген еді, қысым жасады, допқа иелік етті, бірақ біз өз қақпамызды құрғақ сақтап қала алдық. Менің ойымша, «Ақтөбе» жеңіске лайықты болды. 
 
- Бұрындары «Шахтер» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтар, орталық кездесулерге баланатын. Бұл матчта жеңу қаншалықты маңызды? 
 
- Қазақстанда оңай қарсылас жоқ, кез-келген командамен ойнау қиын. Өз қақпамызды голдан аман алып қалғанымызға, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз әр ойынға жеке-жеке дайындаламыз, турнир кестесінде баяулатып жоғары жылжи беретін боламыз. Әр ойыннан ләззат алып ойнап жүрміз. Әр ойын сайын жаңа қалалармен танысып жатырмын. Қарағанды маған ұнады. Әр ойынға барымызды салып ойнауға тырысамыз. Әрине, жеңу де маңызды еді. 
 
-Жаңғылышбай осы матчқа шыққысы келді ме? 
 
- Ол өзі сұранған жоқ, бірақ біз оның ойынға шығып барын салатынын, қалай ойнау керек болса, солай ойнап беретінін түсінгенбіз. Ол гол соғу үшін, оны әр ойынға шығарып жүрміз. Өз үйінде гол соққаны тіпті жақсы болды. Бұл гол оған болашақта сенімділік алып келетін болады. Біздің барлық ойыншыларымыз негізгі құрам ойыншылары, бүгін екінші таймға шыққан ойыншыларымыз да командаға пайдалы жұмыс жасады.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;