русский язык
Футбол

Йозеф Вукушич: «Екі гол жіберіп алғаннан кейін, ойнау қиынға соғады»

Йозеф Вукушич: «Екі гол жіберіп алғаннан кейін, ойнау қиынға соғады»
Назарларыңызға қарағандылық «Шахтер» бас бапкері Йозеф Вукушичтің матчтан кейінгі өткізген баспасөз-мәслихатын ұсынамыз. 
 
- Жақсы ойын болды деп айтуға болады. Екі бірдей гол жіберіп алуымызға, ойын басындағы қателіктеріміз сеп болды. Сол екі сәт, біздің ойынымызға кері әсерін тигізгені рас. 
 
Екінші таймда мейлінше тырысып бақтық, әр ойыншы алаңда барын салды. Үш рет есеп ашатын мүмкіндіктеріміз болды, бірақ қарсылас қақпашысы өз иелігін қорғай білді. Гол соғатын жерлерде соға алмай жаттық. Екінші таймның қырық бес минуты бойы тек бір қақпаға ойнадық. Екі рет «таза» пенальти де болған, Нұрыбековтың алаңнан қуылуы, неге олай болғанын білмеймін. Екі гол жіберіп алғаннан кейін, ойнау қиынға соғады. Қанша гол салуға тырысқанымызбен, тиімді нәтижеге қол жеткізе алмадық.
 
-Қорғаныстың ортасына Арзуманян шықпады. Неге ойнамады? 
 
- Роберттің жарақаты бар. Орнына Куриловты дайындағанбыз, бірақ ол да ауырып қалды. Біз тек бар ойыншыларымызбен ғана ойнадық. Олар мол тәжірибелі ойыншылар, бірақ қателіктер жіберіп қойды. Олар бұны біледі, және түсінеді. Олардың орнын басатын біздің артық ойыншыларымыз жоқ. Біздің қорғаушыларымыз ойын бойы нашар ойнады деп айта алмаймын, екінші таймда біз басым ойнадық. 
 
- Жазғы трансфер уақытында команданы күшейту үшін қандай жұмыстар жүрізіліп жатыр? 
 
- Біз бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Әр ойынды сараптап жүрміз. Бізге тағы бір шабуылшы керек, басқа да орындарға ойыншылар керек. Команданы күшейтуіміз керек.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;