Филип Касалица «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады
Футболдан ел біріншілігінің 11-турында шымкенттік «Ордабасы» Таразға қонаққа барып, жергілікті командадан айласын асырды.
Алғашқы алтылықта келе жатқан «Ордабасы» көш соңындағы «Тараз» қақпасына екі гол соқты. Алдымен, 21-минутта Филип Касалица көзге түскен. Араға сегіз минут салып, Касалица дубль авторы атанды.
Осыдан кейін жанкүйерлер ұзақ уақыт бойы гол көрмеді. Тек 85-минутта Малик Мане «Тараздың» жанкүйерлеріне үміт сыйлады – 1:2. Бірақ қалған уақыт екінші гол соғу үшін жеткіліксіз болды.
Осы жеңісінің арқасында «Ордабасы» 20 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бірақ «Оқжетпес» өз ойынын ертең өткізеді. Ал «Тараз» 5 ұпаймен 12-орында қала бермек.
«Тараз» - «Ордабасы» 1:2 (0:2)
Голдар: 0:1 – Касалица 21, 0:2 – Касалица 29, 1:2 – Мане 85