«Хабар» арнасы Сойлыбаев-Кокашвили жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
![«Хабар» арнасы Сойлыбаев-Кокашвили жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463223935_256652341.jpg?v=28694064)
Бүгін Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев грузиялық былғары қолғап шебері Николоз Кокашвилимен жұдырықтасады.
Аталмыш жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астананың «Көрме» орталығында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді.