русский язык
Футбол

«Қайратқа» қарсы тұрғандар. «Тобыл» жанкүйерлері үздіктерді анықтады

«Қайратқа» қарсы тұрғандар. «Тобыл» жанкүйерлері үздіктерді анықтады
Жанкүйерлер сауалнама арқылы Қазақстан Премьер-Лигасының 10-шы туры аясында өткен «Тобыл»-«Қайрат» кездесуінің үздіктер ойыншыларын анықтады, деп хабарлайды «Тобыл» клубының баспасөз қызметі.
 
Сарапшылар келесі ойыншыларды анықтады: Дяк, Шимкович және Жұмасқалиев. Дегенмен үздік үштікте сол кездесуде қорғаныста жақсы өнер көрсеткен Фернандер Кассай көрінбеді. 
 
Вконтакте желісінде жанкүйерлер сарапшылардың пікірлеріне жақын болды. Ал ресми сайт бойынша Денис Главина топ бастады. Денис те үздіктер қатарынан үмітті еді. 
 
Сонымен, сарапшылар «Қайратпен» өткен матчта келесі футболшыларды таңдап алды: Главина, Кассай, Жулпа, Хижниченко, Жұмасқалиев, Дяк, Шимкович, Мухутдинов, Яворский. 
 
Тағы да естеріңізге салайық, біздің ережеге сәйкес, дауыс беру екі кезеңнен тұрады. Алдымен, әр сарапшы үш үздік ойыншыны таңдайды. Әрқайсысының таңдауын ресми сайттағы, әлеуметтік желілердегі жанкүйерлердің талқысына саламыз. Жиналған дауыстарды қарапайым рейтингке қойып, олардың бағалары анықталған орта арифметикасын шығарамыз. Орташа ұпайы жоғары үш футболшыны кездесудің пайдалы ойыншысы ретінде жариялаймыз, олар автоматты түрде «Тобыл» клубының 2016 жылғы «Үздік ойыншысы» аталымына үміткер ретінде тіркеледі. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;