русский язык
Футбол

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы ҚФФ-ға жауап қайтарды

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы ҚФФ-ға жауап қайтарды
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы Ұлттық құраманың Қытаймен жолдастық кездесу өткізуіне байланысты Премьер-Лиганың күнтізбесін өзгерту жайлы ресми мәлімдеме жасады.
 
«ҚКФЛ-ға ҚФФ президенті қол қойылған ресми хат келді. Сол хатта Қытай және Қазақстан ұлттық құрамалар арасындағы өтетін жолдастық кездесуіне байланысты Қазақстан чемпионатының күнтізбесіне 3 және 8 маусым аралығында өзгерістерді еңгізуге керектігі туралы өтініші бар.
 
Осы сұрақта Қазақстан клубтарының қызығушылығына себепті шешімді жеке-дара қабылдауға ҚКФЛ басшылығының құқығы жоқ.
 
Осы уақытқа дейін Премьер-лига күнтізбесіне еш өзгерістер еңгізілмеген.
 
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ұлттық құраманың маңыздылығын түсінеді, бірақ клубтардың құқықтарына шек қоюға болмайтынын ескереді. Сондықтан осындай шешімдерді алдын-ала қабылдау тиіс.
 
Футбол клубтары да өз дайындықтарын жоспарлайды. Сонымен қатар, 30 маусым күні біздің үш өкіліміз Еуропа Лигасының іріктеу турнирінде өнерін бастайды. 7 маусым күні Еуропа ұлттық құрамаларының ойындары үшін FIFA-ның ресми датасы емес. Сондықтан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі әзірленгенде осы күндер ұлттық құраманың ойындары ретінде саналмаған.
 
Ақырғы шешім 18 мамыр күні ҚКФЛ мүшелерінің Бірыңғай жиналысында қабылданады», - делінген ресми мәлімдемеде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;