русский язык
Футбол

Игорь Зенькович: «Жарақатымды емдеу үшін Алматыға аттанамын»

Игорь Зенькович: «Жарақатымды емдеу үшін Алматыға аттанамын»

«Тараздың» шабуылшысы Игорь Зенькович ProsportKz.kz сайтына өзінің жарақаты жайлы айтып берді.

- Жарақатымды екінші турда, «Ақтөбемен» өткен ойында алған болатынмын. Бірақ соған қарамастан алаңға шығып жүрдім. Қазір жарақатым маза бермеуде. Жақын күндері дәрігерлік тексерістен өту үшін Алматыға аттанамын. Тіземді ауыр жарақаттап алған сияқтымын. Мұны тез арада емдеу қажет. Созуға болмайды. «Таразға» көмектескім келеді, бірақ жарақатым кедергі болуда. Командада жарақат алған ойыншылардың көбі жаттығуларына кірісті. Бұл әрине жақсы жаңалық, - деді Зенькович. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;