русский язык
Футбол

Жарко Маркович «Црвена Звезданың» қызығушылығы жайлы айтып берді

Жарко Маркович «Црвена Звезданың» қызығушылығы жайлы айтып берді
Сербиялық басылымдарының ақпаратына сүйенсек, «Црвена Звезда» клубы «Қайраттың» қорғаушысы Жарко Марковичке қызығушылық танытып жүр. 
 
«Маған қызығушылық танытып жүргені жайлы естідім. Бірақ ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ. «Црвена Звезда» сияқты ұлы команданың маған қызығуы - мен үшін үлкен құрмет. Бірақ менің «Қайратпен» маусым соңына дейін келісімім бар. Әрине, Божовичпен жұмыс істеу мен үшін қызық болар еді. Әзірге, келіссөздер жоқ. Сондықтан бар ойым тек «Қайратта», – деді Маркович «Спорстки журнал» басылымына. 
 
Естеріңізге сала кетсек, 29-жастағы қорғаушы бұған дейін сербиялық «Сопот», БАСК және румыниялық «Газ Метанда» өнер көрсетті.  
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;