русский язык
Бокс

Дана Уайт: «Мейуэзер мен Макгрегордың жекпе-жегін өткізу мүмкін емес»

Дана Уайт: «Мейуэзер мен Макгрегордың жекпе-жегін өткізу мүмкін емес»

UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, жартылай жеңіл салмақта Конор Макгрегор мен кіші Флойд Мейуэзердің жекпе-жегін ұйымдастыру мүмкін емес.

«Мәселені басқа жағынан қарайық. Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейуэзер бірдей спорт түрінде өнер көрсетеді. Олардың кездесуі туралы келіссөз қанша уақытты алды? Ал енді Мейуэзер мен Макгрегордың жекпе-жегін ұйымдастыру қаншалықты қиын болатынын ойлаңыздар, олар, тіпті, бір спортта өнер көрсетпейді. Бұл жекпе-жегін қандай ережемен өтеді? ММА-дің бе, әлде бокстың ба? Кім табыстың басым бөлігін алады? Сұрақтар көп. Бұл жекпе-жек мүмкін емес. Бірақ тағы да айтайын: «Флойд, Конормен жекпе-жек өткізгің келсе, маған хабарлас», - деді Уайт.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;