русский язык
Футбол

Сергей Ташуев: «Аршавин мақтаншақ емес, бірақ кішкене жігерсіз, - мешкей»

Сергей Ташуев: «Аршавин мақтаншақ емес, бірақ кішкене жігерсіз, - мешкей»

Краснодарлық «Кубаньнің» бұрынғы бас бапкері Сергей Ташуев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Андрей Аршавин туралы пікірімен бөлісті. 

– Аршавин мінезін көрсетпеді ме?

– Ол жақсы жігіт, бірақ жарақат көп алады. Мордовияға барғанымызда, қанына сараптама жасадық. Қандай да бір көрсеткіш бойынша нақты шама болады: 300-ге жуық. Ал Аршавинде ол 8 мың болды! Яғни, оған қозғалуға болмайды, емделу керек еді. Мен оған «Андрей, Мордовияға ұшпа, үзіліп кетеді» деп айттым. Ал ол «Жоқ, командаға көмектескім келеді» деді. Ол кезде командада адам аз болатын, ауысусыз ойнап жүрдік. Мен оны 15 минутқа оң қанаттағы қорғанысқа шығардым, сөйтіп жарақат алып қалды.

Жиындарды Аршавин жарақатсыз өткізді. Рас, оның алдында салмағы қиындық тудырған. Ерік күші аз болса керек, тамақ жегенді жақсы көретін. Біз оған диета қойдық, сөйтіп ол салмағын азайтып, өз қалпына келе бастады. Жалпы, Аршавин мақтаншақ емес. Әрине, өз-өзін өте жоғары бағалайды, бірақ бұл жақсы мағынада ғана. Алаңда жас футболшыларды үйреткісі келді, қалай ойнау керектігін айтып кеңес береді. Мен оның бойынан бапкерлік қасиеттерді көрдім. 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;