Боб Арум: «Головкин Альваресті нокаутпен ұтады»
![Боб Арум: «Головкин Альваресті нокаутпен ұтады»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463043061_602288766.jpg?v=28695158)
Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум мексикалық боксшы Хильберто Рамирес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтып берді.
Арумның айтуынша, Головкин WBC чемпионы Альваресті нокаутпен ұтады.
«Хильберто Рамирес пен Головкин арасындағы жекпе-жек міндетті түрде болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Геннадий Сауль Альваресті нокаутпен ұтады. Бұл кездесуден кейін менің боксшым Рамирес қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға дайын», - деді Арум Fighthype.