русский язык
Футбол

«Допты айдалаға тебе бермей, ойнаңдар деп тапсырма бердім». Турдың 5 цитатасы

«Допты айдалаға тебе бермей, ойнаңдар деп тапсырма бердім». Турдың 5 цитатасы
«PROСПОРТ» Қазақстан Премьер-Лигасының 10-шы тур кездесулерінен кейін бапкерлер мен футболшылардың айтқан ең қызықты цитаталарды назарларыңызға ұсынады.
 
Владимир Никитенко («Атырау» клубының бұрынғы бапкері) Абдель Ламанждың не себепті алаңға шықпағаны туралы:
- Өз алаңымызды өте қиын кездесу өткізді. Өздеріңіз көргендей, ол жерде балшық, көл болып жатты. Соған байланысты Ламанж сәл ауырып қалған еді.
 
Талғат Байсуфинов («Ақжайық» клубының бас бапкері) «Астанадан» неліктен жеңілгендіктерін талдап көрді:
- Матч алдында допты айдалаға тебе бермей, ойнаңдар деп тапсырма бердім.
 
Марат Хайруллин («Оқжетпес»клубының ойыншысы) қорқор шегудің ағзаға зиян келтіретіні жайлы:
- Гоу екі гол соқты. Мүмкін ол әр ойынның алдында қорқор (кальян) шексе, осылай ойнауын жалғастырар. Егерде мен қорқор шеккен кейін әр турда қос-қостан гол соғатын болсам, әрбір матчтың алдында оны шегетін едім.
 
Азат Нұрғалиев («Ордабасы» клубының капитаны) Юнузович пен Трайковичтің ойыннан шеттетілгені туралы:
- Мен Юнузович және Трайкович сияқты қатардағы жай футболшымын. Сол себепті бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Командада 25 футболшы бар, сол себепті әр ойыншының маңызы жоғары.
 
- Дмитрий Шомко («Астана» клубының  қорғаушысы) Патрик Твумасидің болашағы жайлы:
- Ол өткен маусымда жоғары деңгейде өткізді. Қазір де жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Әлі күнге «Астанада» ойнап жүр, демек мұнда бәрі оның көңілінен шығады.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;