русский язык
Футбол

Ермек Қуантаев: «Аршавин маған жиі кеңес береді»

Ермек Қуантаев: «Аршавин маған жиі кеңес береді»
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Ермек Қуантаев ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында қостанайлық «Тобылмен» өткен кездесу жайлы айтып берді. 
 
— Туған стадионыма оралғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер мені жылы қарсы алды. Барша қостанайлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.
 
— Кешегі көрсеткен өнеріңізге көңіліңіз толды ма?
 
— Шын айтсам, көңілім толмады. Бұдан да пайдалы ойнауға болар еді. Кеше жиі қателестім. Бірақ ең маңыздысы - үш ұпай еншіледік. Біз үшін бұл ойын маңызды болды. 
 
— Андрей Аршавиннің жарақаты қаншалықты ауыр? 
 
— Жарақаты аса қауіпті емес. Ол емделу үшін Алматыда қалды. Келесі ойында алаңға оралуы қажет.
 
— Матч барысында пас беру үшін Аршавинді іздейсіз бе?
 
— Жоқ, іздемеймін. Бізде әр ойыншының деңгейі  жоғары. Сондықтан нақты бір ойыншыға ғана пас беру керек деген ұғым бізде жоқ.  
 
— Аршавин жиі кеңес береді ме? 
 
— Иә, ойын барысында жиі кеңес береді. Менің ойымша, Аршавин сынды тәжірибелі, шебер ойыншы әріптестеріне кеңес беріп, көмектесуі қажет. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;