русский язык
Футбол

Қазақстандық төрешілер Чехия - Германия матчында қызмет атқарды

Қазақстандық төрешілер Чехия - Германия матчында қызмет атқарды
Беларусь Республикасында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа Чемпионатының топтық кезеңіндегі Чехия мен Германия құрамаларының матчында қазақстандық Эльвира Нұрмұстафина бас төреші қызметін атқарды.
 
Ал, оған қапталдан тағы бір қазақстандық Кристина Янушкевич пен польшалық Кинга Сенюк-Микулска көмектесті. Төртінші төрешінің міндетін беларустық Ольга Терешко орындады. Айта кетейік, Борисов қаласында өткен ойын 4:0 есебімен Германия құрамасының жеңісімен аяқталды. Эльвира Нұрмұстафина ойында бір ғана сары қағаз көрсетті.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін Эльвира Нұрмұстафина мен Кристина Янушкевич өтіп жатқан Еуропа Чемпионатында Англия және Норвегия құрамаларының кездесуінде жұмыс істеген еді.
 
ҚФФ баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;