русский язык
Бокс

Головкин мен Альварес 15 күн ішінде жекпе-жектің күнін белгілей алмаса, WBC белбеуі саудаға шығарылады

Головкин мен Альварес 15 күн ішінде жекпе-жектің күнін белгілей алмаса, WBC белбеуі саудаға шығарылады

Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (47-1-1, 33 КО) командаларына өзара келіссөздер жүргізіп, жекпе-жектің күнін белгілеуге 15 күн уақыт берді. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық порталы хабарлады.

«Біз боксшылар мен олардың командаларына ресми хат жолдап, кездесудің күнін белгілеуге 15 күн уақыт бердік. Егер де олар өзара келісімге келе алмаса, онда 24 мамыр күні WBC белбеуі саудаға шығарылады. Әлем жұртшылығы бұл жекпе-жектің қазір өткенін қалап отыр. Сондықтан оны одан әрі созудың қажеті жоқ», - дейді Сулейман ESPN арнасына берген сұхбатында.

Кей басылымдар Головкин мен Альварестің командалары келіссөздерді бастап кеткенін жазды. Айта кетейік, 7 мамыр күні мексикалық боксшы британиялық Амир Ханды жеңгеннен кейін отандасымызды жекпе-жекке шақырған болатын, Головкин бұл ұсынысты бірден қабыл алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;