русский язык
Футбол

«Атыраудың» президенті Никитенконың қызметінен кету туралы жақ ашпады

«Атыраудың» президенті  Никитенконың қызметінен кету туралы жақ ашпады
Бүгін отандық кейбір БАҚ өкілдері «Атырау» футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко ҚПЛ-дың 10 туры аясында «Ақтөбеге» қарсы кездесуде жеңілгеннен кейін өз еркімен қызметтен кету туралы арыз жазды деп хабарлаған болатын.
 
«PROСПОРТ» тілшісі бұл жағдай туралы нақты ақпарат алу үшін «Атырау» клубының президенті Асылбек Жүнтербаевқа хабарласқан болатын.
 
«Дәл қазір бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Атырауға жол жүріп барамын. Жағдайдың мән-жайы ертең белгілі болады. Қазір бұл туралы ештеңе айтпаймын», — деді Асылбек Саурбайұлы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;