русский язык
Футбол

Станимир Стойлов: «Бүгін ойынды толықтай өз бақылауымызда ұстадық»

Станимир Стойлов: «Бүгін ойынды толықтай өз бақылауымызда ұстадық»

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов Премьер-Лиганың 10 туры аясында «Ақжайыққа» қарсы өткен кездесу туралы матч соңындағы баспасөз-мәслихатында айтып берді.

- Бүгін ойынды толықтай өз бақылауымызда ұстадық. Гол соғатын көптеген мүмкіндіктеріміз болды. Әдемі соғылған қос доптың куәсі болдық. Бүгін жеңіске жету маңызды еді, алға қойған тапсырманы орындай алдық.

«Ақжайық» қорғаныста жақсы ойнады. Барынша сақ болып, гол жібермеуге тырысты. Сол себепті бізге гол соғу қиынға түсті. Патрик Твумаси мен Джордже Деспотовичтің бірнеше гол соғатын мүмкіндіктері болған еді, алайда олар оны пайдала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;