русский язык
Футбол

Жерар Гоудың екі голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Жерар Гоудың екі голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады
Алматылық «Қайрат» футболдан ел чемпионатының 10-шы турында сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» кездесті.
 
Матчтың 10-шы минутында Тимур Рудосельский өз айып алаңында «Тобылдың» ойыншысына қарсы ереже бұзды - Томаш Шимкович он бір метрлік соққыдан мүлт етпеді. Артынша, Жерар Гоу таразы басын теңестіре алды. Ал екінші таймның 56-ы минутында ивуарлық шабуылшы дубльдің авторы атанып, өз командасына жеңіс сыйлады - 2:1. 
 
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 10-шы тур.
 
«Тобыл» - «Қайрат» - 1:2
 
Голдар: Шимкович 9 — Гоу 13,56
 
«Тобыл»: Логиновский, Дяк, Жулпа, Кассай, Шимкович (Джалилов 76), Яворский, Главина, Жұмасқалиев (К), Мирошниченко, Мухутдинов (Левин 68), Хижниченко (Дудченко 78).
 
«Қайрат»: Плотников, Қуантаев (Лунин 74), Рудосельский, Маркович, Тесак, Тимощук, Бакаев, Қуат, Исламхан (К) (Дарабаев 81), Исаэл, Гоу (Тавамба 67)
 
Ескерту алғандар: Жулпа 53 — Дарабаев 86
 
10 мамыр 2016. Қостанай, Орталық стадион. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;