русский язык
Футбол

Ибрагимович мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастыруы мүмкін

Ибрагимович мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастыруы мүмкін

ПСЖ футбол клубының жетекші ойыншысы Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтедке» ауысуға жақын.  

Естеріңізге сала кетсек, 34-жастағы швециялық шабуылшының биылғы маусымның соңында париждік командамен келісімі аяқталады.

L`equipe басылымының ақпараттарына сүйенсек, Ибрагимович мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастырады. Сондай-ақ, Златанға бірқатар қытайлық клубтардан жақсы ұсыныстар түсті. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Ибрагимович биылғы маусымның қорытындысы бойынша, Франция чемпионатының үздік ойыншысы атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;