русский язык
Бокс

Геннадий Головкин Альвареспен кездесе алмаса, Джейкобспен жұдырықтасады

Геннадий Головкин Альвареспен кездесе алмаса, Джейкобспен жұдырықтасады

Орта салмақ дәрежесінде WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) егерде WBC чемпионы Сауль Альвареспен кездесу ұйымдастыра алмаса, WBA уақытша чемпионы Дэниэл Джейкобспен (31-1, 28 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Маған бұл жекпе-жек ұнайды. Дэниэл Джейкобс - өте мықты боксшы. Ол - чемпион, ал мен әрбір чемпионды құрметтеймін», — деді Головкин Boxing Scene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Головкин мен Альварестің командалары жекпе-жекті ұйымдастыру жөнінде келіссөздерді бастады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;