русский язык
Бокс

Том Леффлер: «Альварес-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру жайында келіссөздер басталды»

Том Леффлер: «Альварес-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру жайында келіссөздер басталды»

Орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек жақын күндері ресми түрде жариялануы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетсек, WBC қос боксшыға кездесуді өткізу мерзімін анықтау үшін 15 күн берді.  

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, кеше Де Ла Хойя оған қоңырау шалды.

«Оскармен кеше сөйлестім, енді ертең тағы бір кездесу болады. Барлық БАҚ, бокс жанкүйерлері Альварес-Головкин жекпе-жегін асыға күтуде. Келіссөздер басталды. Менің ойымша, жақын күндері келісімге келеміз. Оскармен кезінде Головкин-Лемье кездесуін ұйымдастырғанбыз. Сондықтан бұл жолыда да бәрі сәтті өтуі тиіс», - деді Леффлер. 

 

allboxing.ru сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;