русский язык
Футбол

Юрий Уткульбаев: «Кезекті рет жүйке жұқартар ойынның куәсі болдық»

Юрий Уткульбаев: «Кезекті рет жүйке жұқартар ойынның куәсі болдық»
«Ақтөбе» клубының бас бапкері Юрий Уткульбаев Қазақстан Премьер-Лигасының 10 туры аясында «Атырау» командасына қарсы өткен матчтан (1:0) кейін ойын туралы пікірімен бөлісіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
 
- Біз кезекті рет жүйке жұқартар ойынның куәсі болдық, бірақ Жанкүйерлердің арқасында, олардың қолдаулары мен мінездерінің көмегімен, біз өзімізге тиген мүмкіндікті пайдалана білдік. Голдан кейін қарымта шабуылда тағы да гол салуға болатын еді. Баршаңызды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Бүгінгі жеңісімізге біздің еңбегіміз сіңді деп ойлаймын. 
 
- Біздің байқағанымыздай, соңғы уақытта қапталдан пас асыру әлсіз болып кетті.
 
- Бұл жерде екеуінің бірі. Дұрыс пас көтеріп бере алмайды, немесе берілген пасты таба алмай қалады. Шындығын айтқанда, белгілі бір ойын элементіне көңіл бөлетіндей жағдайда емеспіз. Бәлкім, бұл нәрсені біз өзіміз назардан тыс жіберіп алған болармыз. Бірақ, апталық цикл басталған кезде, осы аталған кемшіліктерді дұрыстаймыз деп ойлаймын. Ал әзірше, біз ойыннан соң қалпымызға келіп, қайтадан ойнаймыз, сосын қайтадан қалпымызға келіп, қайтадан ойын. Қазір уақыт жоқ. Бірақ бұл ескертуіңізді ескеретін боламыз. Ескертуіңізге рақмет. 
 
- Неге ойыннан гол сала алмай жүрміз?
 
- Өзім де осыны ойлап жүрмін. Бүгін сан басымдылығымен бірнеше рет шабуылға шыққан сәттеріміз болды. Ондай сәттердің бары да қуантады. Ойын басында шабуылды қаптал арқылы өрбіттік. Кей кезде қарсылас жақсы ойнады, кей сәттерде бізге шеберлік жетіспеді. Әлі де шыңдала түсетін боламыз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;