русский язык
Бокс

Геннадий Головкин P4P рейтингінде бір саты жоғарылады

Геннадий Головкин P4P рейтингінде бір саты жоғарылады
Bleacherreport.com спорт сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz.
 
Геннадий Головкин соңғы жеңісінен кейін рейтингте бір саты көтеріліп, төртінші орынға жайғасты.  Үздік үштікке Роман Гонсалес, Андре Уорд пен Сергей Ковалев енген.
 
Сондай-ақ төмендегі боксшылар алғашқы ондықтан көрінді:
 
5. Хуан Франциско Эстрада
6. Сауль Альварес
7. Гильермо Ригондо
8. Тимоти Брэдли
9. Теренс Кроуфорд
10. Дэнни Гарсия. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;