Қанат Ислам: «Енді чемпиондармен жұдырықтасқым келеді»
![Қанат Ислам: «Енді чемпиондармен жұдырықтасқым келеді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1462792236_326964196.jpg?v=28696706)
Жеңіліп көрмеген қазақстандық Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді нокаутқа түсіргеннен кейін бұл жекпе-жек жайлы өз ойын білдірді.
«Алты раундты еңсеріп, жеңіске жеткенге дейін өзімді жақсы сезіндім. Жұдырықтастым, аяқпен жұмыс істеп, алға-артқа қозғалып, қуатты соққылар жасадым да, кездесуді аяқтау керектігін түсіндім. Оның жағдайы түзеледі деген ойдамын. Әрине, жарақатпен жекпе-жекке шығу қиын, алдағы уақытта қалпына келеді деп үміттенемін. Оның төртінші раундта шаршағанын байқадым да, соққыларымды үдете түстім», - деді Қанат.
«Бұл жерде жергілікті қазақстандық қауымдастықтан келген, алыстан келген жанкүйерлерім көп болды. Енді олардың мені биыл әлемдік чемпиондық титул үшін жекпе-жектерде жеңісімді көргендерін қалаймын. Кім чемпион? Солармен жұдырықтасқым келеді», - деді қазақстандық боксшы.