русский язык
Бокс

Пол Малиньяджи: «Альварес бұрынғы қателерін түзеткен жоқ. Головкин оны жеңеді»

Пол Малиньяджи: «Альварес бұрынғы қателерін түзеткен жоқ. Головкин оны жеңеді»

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы әрі Showtime арнасының комментаторы Пол Малиньяджи мексикалық боксшы Сауль Альварестің британиялық Әмір Ханға қарсы кездесуін әлсіз өткізгенін айтты. 

«Хан жақсы жұдырықтасты, Канелоны көп қателесуге мәжбүрледі. Бірақ, соңында Альварестің күші басымырақ болды. Канелоның нокаутпен ұтатынын білдім, бірақ Хан нокаутқа дейін жеңіп жатты. Нокаут болғаны өкінішті, себебі Әмір Хан алты раунд бойы керемет өнер көрсетті. Альварес бұрынғы қателерін түзеткен жоқ, сондықтан да Головкин оны жеңеді. Әрине, бұл кездесу өткен жағдайда», - деді Малиньяджи FightHub.kz сайтына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;