русский язык
Бокс

Сауль Альварес Әмір Ханды 6-шы раундта «талдырды»

Сауль Альварес Әмір Ханды 6-шы раундта «талдырды»

Бүгін Лас-Вегастың «T-Mobile» Аренасында орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварес британиялық боксшы Әмір Ханмен жұдырықтасты.

Алты раунд бойы «Канелоны» ұпай шешімімен ұтып жатқан Әмір Хан 6-шы кезеңнің соңында Альварестен ауыр соққы жіберіп алды. Саульдің оң қолмен жасаған соққысынан Әмір Хан бірден «талды».

Кездесу аяқталысымен Сауль Альварес келесі кездесуінде қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.  

   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;