русский язык
Бокс

Сауль Альварес: «Головкин менімен жұдырықтасуға лайықты емес»

Сауль Альварес: «Головкин менімен жұдырықтасуға лайықты емес»

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің «Канело боксшы емес, «бизнесмен» деген сөздеріне жауап берді.

«Мен үздік боксшылармен жұдырықтасамын. Ешкімнен қашқан емеспін. Менің соңғы 10 қарсыласым және Головкиннің соңғы 10 қарсыласын қараңыз. Қазақстандық боксшыдан қорқатын еш себеп жоқ. Егерде мен «бизнесмен» болсам, Головкинмен жекпе-жекті баяғыда ұйымдастырар едім, себебі бокс жанкүйерлері бұл кездесуді асыға күтуде. Әзірге, Геннадий менімен кездесуге лайықты емес. Алдымен, Геннадий мықты бір боксшыны жеңсін. «Трипл  Джидің» әлсіз боксшыларға қарсы нокауттар сериясының бар екенін білемін», - деді Альварес.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;