русский язык
Бокс

Флойд Мэйвезер: «Головкинге салмақ қосып, Андре Уордпен жұдырықтасқан жөн»

Флойд Мэйвезер: «Головкинге салмақ қосып, Андре Уордпен  жұдырықтасқан жөн»

Әлемнің ең үздік боксшысы америкалық Флойд Мэйвезер орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) мен IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) кездесу үшін үлкен боксқа оралмайтынын айтты.  

«Головкинге салмақ қосып, Андре Уордпен  жұдырықтасқан жөн. Қос боксшы үшін де бұл жақсы жекпе-жек болмақ. Мен 160 фунт тұрмақ, 154 фунтта ешқашан жұдырықтасқан емеспін»- деді Мэйвезер ESPN арнасына.

Сондай-ақ, Флойд үлкен боксқа қайта оралу жөнінде жақсы ұсыныс түскенін мәлімдеді.

«Маған үлкен боксқа оралуға қатысты қаржылық тұрғыда сұмдық ұсыныс түсті. Бұл кем дегенде тоғыз 0-ден тұратын сандар. Болашақта не болатынын білмеймін. Бірақ қазір мен бокстан тыс өмірден ләззат алып жүрмін», - деді әлемнің үздік боксшысы Showtime арнасына.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;