русский язык
Бокс

Данияр Елеусінов: «Қанат Ислам Хуан Де Анхельді нокаутқа жібереді»

Данияр Елеусінов: «Қанат Ислам  Хуан Де Анхельді нокаутқа жібереді»

Бокстан екі дүркін Азия Чемпионы, Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов Қанат Ислам мен колумбиялық спортшы Хуан Де Анхельдің жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

«Қанат Исламға сәттілік тілеймін. Оның жеңіске деген құлшынысы өте жоғары, сондықтан кездесуді уақытынан бұрын аяқтайды деп сенем. Қанат қарсыласын нокаутқа түсіреді деп ойлаймын, өйткені соққысы жойқын», — деді Данияр.

Естеріңізге салайық, Қанат Ислам мен Хуан Де Анхельдің өзара кездесуі мамырдың 8-де Майамиде (АҚШ) өтеді.

Қазақстандық боксшы кәсіби мансабында ешкімнен ұтылмаған. Қанат ислам 20 жекпе-жектің 17-ін нокаутпен аяқтады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;