русский язык
Бокс

Данияр Елеусінов: «Олимпиада «алтынын» ұтып алғым келеді»

Данияр Елеусінов: «Олимпиада «алтынын» ұтып алғым келеді»
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия, әлем чемпионы Данияр Елеусінов биыл Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиадада тек жоғарғы биіктен көрінгісі келеді. 
 
«Мен тек жоғарғы белестен көрініп, «алтын» алғым келеді. Егер күміс немесе қола жүлде аламын деп барсам, бірінші немесе екінші жекпе-жекте жеңіліп қалуым мүмкін. Мен Олимпиада «алтынын» алып, Қазақстан халқын, отбасым мен өзімді қуантқым келеді», - деді ол.
 
Сонымен қатар, Данияр Елеусінов дайындық ойдағыдай жүріп жатқандығын айтты.
 
«Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Біз тәжірибелі спортшылармыз. Сондықтан осындай маңыздағы шараларға тыңғылықты дайындаламыз. Егер дайындық барысында кемшіліктер байқалып жатса, оны түзетуге тырысамыз», - дейді чемпион.
 
 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;