русский язык
Бокс

Данияр Елеусінов: «Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңеді деп ойлаймын»

Данияр Елеусінов: «Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңеді деп ойлаймын»
Бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов 8 мамыр күні Қанат Ислам колумбиялық боксшыны қиындықсыз жеңетініне сенімді. Бұл туралы Bnews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.
 
«Қанат Исламға тек сәттілік тілеймін. Алла қолдасын! Уақытынан бұрын жеңіске жетеді деп ойлаймын. Себебі, Қанаттың дайындығы да, тәртібі де мықты жігіт. Соққысы да ауыр. Ол осы кездесуін нокаутпен жеңеді», - деді ол.
 
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 8 мамыр күні колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен өткізеді. Кездесу АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.
 
Қанат Ислам бүгінге дейін шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (17 КО). Қазір ол әлемдегі ең беделді менеджерлердің бірі Эл Хэймонның қол астында жаттығып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;