русский язык
Бокс

Иса Ақбербаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Иса Ақбербаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық Иса Ақбербаев жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

32 жастағы боксшы бүгін, 30 сәуірде, GBC чемпиондық титулын қорғамақ. Оның қарсыласы венгриялық Габор Халас болады.

Кездесу бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 кг) өтеді. Ақбербаевтың салмағы 88,1 келіні көрсетсе, Халас одан ауырлау болып шықты – 90 кг.

Айта кетейік, Иса Ақбербаев бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық боксшы соңғы рет рингке былтыр маусым айында шыққан болатын. Ол кезде Ақбербаев бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантосты ұтты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;