русский язык
Бокс

Головкин-Уэйд жекпе-жегін НВО кабельдік телеарнасынан 1.3 млн адам тамашалаған

Головкин-Уэйд жекпе-жегін НВО кабельдік телеарнасынан 1.3 млн адам тамашалаған
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы өткен жекпе-жегін 1,3 миллионнан астам адам тамашалады.
 
Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы өткен жекпе-жегін НВО-дан 1,325 миллион адам көрген. Жыл басынан бері бұл кабельдік телеарналардағы жекпе-жектердің үздік тегін көрілімдер көрсеткіші.
 
Головкин-Уэйд жекпе-жегі 6 минутқа созылғандықтан, көрермендер саны көбеймеген.
 
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин америкалық боксшыны екінші раундында нокаутқа жіберді.
 
Айта кетейік, Головкин-Уэйд кездесуін kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 600 мыңнан аса жанкүйер ал, тікелей эфир арқылы 2 миллион 763 мың көрермен тамашалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;