русский язык
Бокс

WBO рейтингісінде алғашқы орында тұрған боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

WBO рейтингісінде алғашқы орында тұрған боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

WBO рейтингінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Тengrinews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.

«Хурцидзе Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол мұны менімен келісімшартқа отырғаннан бері армандап келеді. Менің ойымша, Головкин ең үздік боксшылардың бірі. Дегенмен Хурцидзе Головкиннің соңғы уақыттағы қарсыластарынан әлдеқайда жақсы жұдырықтасар еді. Ода Тайсонның менталитеті бар. Ал Майк Тайсон сияқты жұдырықтасатын кез келген спортшы теледидар үшін көп нәрсе жасай алар еді», - деді боксшының промоутері.

Сонымен қатар, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен шәкіртінің Головкиннің келесі қарсыласы бола алатынын мәлімдеді. Дегенмен ол 7 мамырда өтетін Альварес - Хан кездесуінің нәтижесін күтетінін айтты. Оның айтуынша, жекпе-жектен кейін Альвареске Головкинмен келісуге 15 күн беріледі. Егер ол бұдан бас тартса, қазақстандық спортшы WBC чемпионы атанады. Бұлай болған жағдайда Сондерске Головкинмен Англияда жұдырықтасуға мүмкіндік туады..

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;