русский язык
Бокс

Том Леффлер Головкин-Чавес жекпе-жегі жайлы

Том Леффлер Головкин-Чавес жекпе-жегі жайлы

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының мексикалық Хулио Сезар Чавеске қарсы болуы мүмкін жекпе-жегі жайлы айтып берді. 

«Екі жыл бұрын Хулио Сезар Чавеспен ұзақ келіссөздер жүргізгенбіз, нәтижесінде келісімге келе алмадық. Бұдан кейін Чавестің сөздеріне қалай қараймыз? Егерде, Канело мен Сондерске қарсы жекпе-жек өткізе алмасақ, онда Чавеспен жұдырықтасуға болады. Бұл қызық жекпе-жек. Себебі, Хулио Сезар өте ірі жігіт, ал Головкин қатарынан 22 кездесуін нокаутпен аяқтады», - деді Том Леффлер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;